Жынданды, ақылдан безді. * Қасірет пен ұяттың езгісінен есімнен ауыса жаздадым, Құдай-ау, сонда ауысып-ақ кетсемші, ауысу да қолымнан келмеді. Ж.Нәж. * Осы арадан бір аттап баспайсың! – деп міңгірледі де, кенет бақырып жіберді: – Ұста! Абайла, есінен ауысқан! Байлап таста, әйтпесе өлтіреді ол! Ш.Айт. ~ Бір кезде тас көшеге жата қалып, әйелдің жүріп өткен жерін сүйе бастады, мұнысы есінен ауысқан адамның қылығы сияқты тым ерсі, әрі қорқынышты еді. А.См.
