Posted in

ЕСІ ДҰРЫС

Ақылы бар, өз ісіне жауап бере алатын; оң-солын айыратын адам туралы. ~ ЖАННА: Мыңдаған, миллиондаған кедей қыздар байсыз жүр. Солардың ішіндегі есі дұрыс, түрі тәуірлерін бай шалдар алмағанда кімге керек? Б.Тоғ. ~ Оның бұдан былайғы әрекетін де дені сау, есі дұрыс адамның қылығы деп айту қиын. Есі дұрыс адам мұндайда у ішіп, пе өзіне қанжар салып өлуі керек еді. Бірақ Әмірсана өйтпеді. Қ.Жұм.