Posted in

ЕСІ ЕКЕУ, ТҮСІ ТӨРТЕУ

Есі кіресілі-шығасылы. ~ Ерім мойныма кетіп, есім екеу, түсім төртеу болып жүйкем жұқарып жүрген сол бір кезде де Совет өкіметін нығайту ісіндегі жұмысымды мүлт жібермей атқардым деп жүрдім. Олай бос көмей айтатын себебім мен ауатком төрағасы болып тұрғанда да мықтадым деп жүрдім ғой. Б.Қыд. ~ Жаңа сайланған үкімет басшысы келеді дегелі Жербай орынбасардың есі екеу, түсі төртеу. Біріншінің: “Байқаймын, қалтаң–селтеңің көп, тапсырған шаруаның басын шаң–тозаңдатып, аяғын шатқаяқтандырып жіберетін берекесіздеусің бе, немене… Н.Дәу.