Ақылына келді, ойын түзеді. ~ Салқын ауаға шыға есі жинала бастаған ол, Шепенің даусын таныды да, сөз түрлеріне қарап, Күнтайдан жәбірлік көргенін аңғарды. С.Мұқ. ~ Әй-әй, Жаманқұл, ожарсың-ау! Обал болды ғой, – деген дауысқа көзін ашса, біреу бетін жуып, басын шүберекпен байлап отыр екен. Енді оның есі жинала бастады. «Қап, мына иттің қорлығын-ай!»- деп, Тоқтар тістеніп қояды. Б.Тоғ.
