Posted in

ЕТЕГІНЕН ТАРТТЫ

Алға бастырмады, кедергі жасады, жолын бөгеді. ~ Жоғарылап бара жатқан адамның етегінен тартып, кедергі
жасайтындар, көре алмайтындар алдымен өз ағайының емес пе? Ш.Мұр. ~ Өйткені олардың көбі-ақ сауаты аз еді, сондықтан
да көрбалалық көңіл арғы жағында не болатынына көзі жетпеді де, ескілік етегінен тартып тапжылтпаған еді. Б.Қыд. ~ Оның
етегінен тартып, еңсесін езген екі ауыр қайғы болатын: біріншісі – ата мирас жау қолынан өлмегені… Н.Дәу.