Posted in

ЕТЕГІНЕН ӨРБІДІ (ӨРДІ)

Нәрестелі болды, бала көтерді. * Тек… нәресте көрмедім. Өзім іштей уайымдағанмен, ешкім кем санамайды, бәйбішенің балалары тегіс апалап тұрады, келіндерімнің етегінен өрбіген сәби түгел менің баурымда. М.Мағ. ~ Бір кезде Ұлы жүздің ноқтасын өз қолдарына ұстаған Тұрсын, Құдайменді, Көжектер де Ондан сұлтанныңкіші әйелі, Бұрындық ханның немересі Шүйім ханымның етегінен өрбігендер. Ә.Кек. ~ Көшпелі бақыт Тәуекел өлгелі Есім топырағына біржолата тұрақтайын деген түрі бар~ Алла сонысына қарай етегінен өрмесе де төрт қарғасын иiп бере салған. «Мама» деп шұрқырап, құрақ ұшады. Гүлжанның да оларға өгей шешедей тарамысша тырысып, жекiргенiн Гүлмира көрген емес. Ә.Ыб.