Posted in

ЕТЕГІНЕН ҚАҒЫНДЫ

Жеңіл жүріске салынды. ~ Ертеңіне- ақ гу- гу етісті. «Ойбай- ау, Айжан қаншық етегінен қағыныпты. Түн ұзағы өзен жағасында сенделіп, жалаңаяқ су кешіпті. Жалғыз неғып жүр? Жынданғаннан сау ма? Е, мұнда бір гәп бар әрине?! Анау жас ревизор жігітпен ашына дейтін. Сонымен болған ғой»,— десіп жөнелісті. М.Сүн. ~ Бұл не? Өкімет осындағы халдайларға берген артықшылықтарын қайтып алғаны ма сонда? Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Көктің ұлы Еженхан өз сертінен таймауға тиіс. Мұнда бір гәп бар. Түбі шикі, әйтеуір… Қ.Жұм.