Posted in

ЕТЕГІНЕ ОРАЛДЫ

Жабысып алды, бауырын паналады. * Рас, осы бала бойына біткесін қыз кездегі желік қалар деп ойлаған-ды. Әсіресе, ертең
етегіне оралған сәбиге еміреніп, етбауыр елжірер; ықылас, пейіл балаға ауғасын көкірегін өртеген сезім де сабасына түсер,
ұмытылар деп ойлаған. Ә.Нұрп. ~ Үй иесі – селдір сақалды жалғыз көз шал – анадай жерде таяғына
сүйеніп қарап тұр. Немерелері шапанының етегіне оралып тығыла түседі. Шал не ойлап тұр?
Б.Тоғ. ~ Шырылдап келіп етегіне оралған баланы еңкейе құшақтап, бір қолымен қолтығына қыса көтерген
тәтесі төрдегі жиюлы жүкке жеткен бойда отыра қалып, өзі де еңіреп жылап жіберген. Д.Әш.