Posted in

ЕТЕГІНЕ СҮРІНДІ

Әбігерленді, асып-састы; шаруабасты болды. ~ Шалы олжалы келсе, шешесі өз етегіне өзі сүрініп жүріп имек бас жез құман мен легенді алдына тосып, ақ сүлгіні тізесіне тастап, жылы суды сыздықтатып құяр. Р. Отар.

  • Үмітімнің шырағын, шамам келгенінше, әлі де өшірмеуге тырысармын… Еңкейген, етегіне сүрінген кәрі емеспін. Б.Соқп.
  • Лев Толстойдың Пахом дейтін бір кейіпкері (“Адамға көп жер керек пе?”) ындыны тоймай қайтсем жерді көп қарпып қаламын деп жанын жалдап, арпалысып, етегіне сүрініп жүріп ақыры зорығып өледі. Ж.Аяз.
  • … олар қанша қапылып, етегіне сүрінсе де, бірақ онан бұның қиналған жанына келіп жатқан жеңілдік жоқ … Ә.Нұрп.
  • Әулиелер, машайықтар, софылар етегіне сүрініп жүріп Пайғамбар ғалейкіссаламды сүйемелдеп түн ішінде Мекке тауының иығына шығарыпты. Д.Дос.