Posted in

ЕТЕКТЕН АЛДЫ

Бөгет жасады, шалғайдан тартты. ~ Еліміздің баянды болашағы үшін бәріне де шыдайсың. Ұлт-аралық
жанжалға жол беру – қылмыс. Мемлекетке қарсы қылмыс. Бізді осы тәуелсіздікке жеткізген Елбасыны етектен алу деген сөз… М.Мағ. ~ Бұрын мұндайларды жекелеп жеңетін. Осы жолы бірі жағадан, екіншісі етектен алып, үшіншісі кіндіктен ұрып, жауырынын жерге тигізе жаздады. М.Қаб. ~ Әрірек жатаған там үйлердің алдында бай сәудегердің жалдаптары, өткен-кеткенді етектен алып жүргізбейді. З.Шүк.