Posted in

ЕТЕНЕ АРАЛАСТЫ

Жақын, жиі араласты. ~ Елена көзілдіріктен көзін тайдыра беріп, бір түрлі қылықты дауыспен: ─ Қызмет бабымен де, былайша жолдастық ретінен де бұдан былай етене араласатын болдық қой, пұрсат берсең маған бекітілген басқа палаталармен танысайын, – деді. С.Ом. ~ Бірақ, қанша дегенмен, бір лекциясын екі рет тыңдағаным үшін оның менен осынша сезіктенген себебін сонда да түсіне алмап едім, оны бірнеше жылдан кейін ғана, өзімен қызметтес боп, етене араласқан соң барып бір сырласуда өзі əңгімелеп айтып берді. З.Қаб. ~ Жасынан қала тұрмысына бейімделіп, орыстармен етене араласып кеткен Оспанға Қасболаттың дәрігер жөніндегі кереғар пікірі тым ерсі көрінсе де, «мұның қалай?» деп тіс жарып үндеген жоқ. С.Ом.