Әбден қорлығы өтті; жанына батты, қинады. * Соңғы кезде әсіресе бұ жаққа патшаның әділетсіз заңы қыр соңына түскен, патша жандармдарының таяғы етінен өтіп, сүйегіне жеткен жәбірленген соқа басты адамдар да көп қашқан. І.Ес. * Бүгін осы қорлық еттен өтіп, сүйекке жеткен соң, бар жеті ауыл боп бірлесіп кеп, бағана наразылық айтып ек. М.Әу. * Ал мына жігіттің жағдайы тіптен ерекше — көңілі қаяу бала, кешегі өткен соғыс сызы етінен өтіп, сүйегіне жеткен… М.Қаб. * Бағанадан бергі айтқаныңа қарағанда, байлардан әлі есе қайырғанымыз жоқ. Әсіресе, осы Әкімбектің қорлығы еттен өтіп, сүйекке жетті. Б.Тоғ.
- Намысына тиіп, жанын күйдірді. * … бүгінгі мына тұтқиыл ашты күлкі жанымды мұжып, жалынымды сөндірердей, етімнен өтіп, сүйегіме жаткендей қатты жасытты. Ж.Сәм. * Жетім деген сөзі етімнен өтіп, сүйегіме жетті. Екеуміз жат та кеп төбелестік. Б.Соқп.
- Бойына әбден сіңді, ажырамас дағдыға айналды. * Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Абай.
