Posted in

ЕТІНЕН ЕТ КЕСІП АЛСА ДА (АЛДЫ)

Не істесе де, қалай қинаса да. ~ Осы қазір етінен ет кесіп алсаң да қыңқ демес көк безер ме еді? Аллам сақтасын, сұмдық-ай»,— деп ойлады қария. М.Сүнд.

  • Етінен ет кесіп алып жатса да, сұлық көңілі селт етпейді, сүлесоқ. Ә.Нұрп.
  • Өлермендене ытырынып тайсақтамауын, етінен ет кесіп алсаң да найсап көзіне жас үйірмес»,— деп Қуан шошына ығыстап, жалт бұрылып төргі бөлмеге кіріп кетті. М.Сүнд.
  • Етінен ет кесіп ап жатса бір сәрі ғой, әрі-беріден: «Ә, сені ме!» – деп жүндей түтіп жұлмалап зар еңіретіпті. Д.Досж.
  • Әй, қайдам, Құдабайды Ақбұлыңда туды деу де қиын. Етінен ет кесіп алсаң да, бүлк етпейтін безбүйрек. Н.Дәут.
  • Ал енді болса, оның етінен ет кесіп алғандай жағдай ғой. Жанынан жақсы көретін балаларын ап тартып әкетті ғой. Әне, бәле қайда… Ш.Айт.