Posted in

ЕТІ ТІРІ ЖІГІТ

Кез-келген істің жөнін білетін, епті, пысық, ширақ жас. ~ Ескі ауылда – «ер жігіт», «еті тірі жігіт» дегендер болатын. …«Еті тірі жігіт» те өзін ер жігітпін деп түсінеді. Бірақ, оның «қысқа жібі күрмеуге келмейді», «жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды», «бөрі арығын білгізбес, сыртқа жүнін қампайтар» деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, басын тауға да, тасқа да ұрып, ер жігіттік дәрежеге жеткісі келеді. Ондайларға қуған үміт қашқан түлкідей сылаңдап, өмір адырларынан анда-санда бір көрініп қап, кейде шалдырады, кейде шалдырмайды. С.Мұқ. ~ Әріп осындай күйде жүргенде Ноғайқұлдар ел аралап жүреді. Еті тірі жігіттер ергіштеп, керекті кезінде жырылып қалып жатты. Т.Әл. ~ Бұл заманда өзіне- өзі сенген кісі ғана жалғыз жүреді… Өзі бір басқа бір көз, еті тірі жігіт екен. Оның үстіне баланың өз көңілі де осыған ауып тұрса, екі жасты жылатып, обалына қалып қайтеміз. Қ.Жұм. ~ Төртуыл ішінде қазір үкірдайлықтан дәмесі бар, бұрын зәңгі боп ел басқарған, еті тірі жігіттер аз емес. Қ.Жұм.