Іске бар, пайдасын білетін пысық, ширақ. ~ Еті тірі, жақсы жігіттерді еліктеп, насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Ж.Айм. * Әуелгі кезде елден шұбырып келсе де, балаларының еті тірілігі арқасында бай орыстармен араласып, күн көруі жақсы болған. Ж.Айм. * Ескі ауылда – «ер жігіт», «еті тірі жігіт» дегендер болатын.«Ер жігіт»– мінер ат, ішер ас, киер киімін кем ұстамайтын; дәулеті мол болсын, шағын болсын, көңілі көтеріңкі жүретін, беруге де, алуға да шыдайтын, айтқан сөзіне тұтымды, қайғыға қайсар, жүрген жері думан болатын.
«Еті тірі жігіт» те өзін ер жігітпін деп түсінеді. Бірақ, оның «қысқа жібі күрмеуге келмейді», «жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды», «бөрі арығын білгізбес, сыртқа жүнін қампайтар» деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, басын тауға да, тасқа да ұрып, ер жігіттік дәрежеге жеткісі келеді. С.Мұқ.
