Жүрегі сыздады, уайым шекті. ~ Уыз сәби ұйқыда балбырасын, Жайып құшақ жәннәт бақ албырасын. Ертегідей өмірін еске
ап әже, Ет жүрегі езіліп, қан жыласын… М.Мақ. * Қарауға батылы бармады. Сондай бір ет жүрегі езілген аянышты хал
Боранқұлдың басынан да айықпай қойды. Ғ.Біл. * Бәлдір әлі де қамыстың ішінен шыға қоймай, сығалап қарап жатыр еді.
Бауыр қиын екен. “Өліп қалыпты” деген сөзді есіткенде, ет жүрегі езіліп жүре берді. З.Шүк. ~ Аты аталған дөй жазушы
Ғабең де, көсем әдебиетші Бейсекең де Биағасы жайында ет жүрегі езіліп, естелік-әңгімелерін маздатып айтар еді. Қ.Ерг.
