Posted in

ЕТ ЖҮРЕГІ ЕЛЖІРЕДІ

Жаны тебіренді, толғанды. ~ Абай Тоғжанды жұбата алмай, ет жүрегі елжіреп қайтқан. Көз алдында, жылап кетіп бара
жатқан Тоғжан тұр. М.Әу. * Осы мақтау сөзге келгенде ақын-жазушылардың ішінде Сырбайдан асқан шешен адамды көре
алмадым. Әсіресе Сырбай юбилейлерде сөйлеген кезде ет жүрегіңді елжіретіп жібереді. Ғ.Мүс. * Аруақты Алтай, Киелі
Алтай! Исі түркінің Ата жұрты, қалың қазақтың Қасиетті мекені. Қарап тұрып ет жүрегің елжірейді, көмейіңе лықсып өксік
тіреледі. Ә.Асқ. * Өзі әке болып, жарытып әлдилеп те көрген жоқ еді, сол тұңғыш перзентінің шетінеп кеткеніне, ет жүрегі
қазір мұнша елжірер деп кім ойлаған. Ш.Айт.