Істеген ісінің қайыры болмады. * Істеген ісіне жаңа көңілі дауалап, қызметтің жемісін көрем бе деп жүргенде, еткен еңбегінің бəрі далаға кеткендей көрінді. Қызметтен көңілі суыды. Мейлінше қапаланды. Ж.Айм. ~ Бізге қарайласа деп үміттенген Кеңес өкіметі бізді Қытайға жығып берді. Шынын айтқанда, біз екі империяның арасындағы «шыбын» болдық қой. Қаншама қан төгілді. Қаншама еңбек далаға кетті. Ж.Баб. ~ … пешенеме жазылған нәрсе ғой. Риза бол-болма… Төрт рет түрме көрдім. Қалай риза боласың? Еліңе, халқыңа сіңіріп жатқан еңбегіңнің бәрі далаға кетті. Ж.Баб
