Атқарған жұмысынан пайда болмады, еңбегі зая кетті.
~ Қанша уақыт жер қазып, семіз сары хайуанды ұстап жеуге дәмеленді, одан ештеңе шықпай еңбегі еш болған соң, бәрінен де баз кешкендей әйтеуір өмір үшін күресті соншалықты бір санасыздықпен жалғастырып келе жатқан беті болатын. К.Сег. ~ Аға, сіздің де қарындасыңыз бар шығар… – деп дір- дір етіп қыз жарты сөзін ішіне жұтып, ұрының бетін қайтармақ болса да еңбегі еш болды. А.Әлт.
