Posted in

ЕҢБЕГІ ЕШ КЕТПЕДІ

Істеген ісінің қайырын көрді, жұмысы нәтижелі болды. ~ Бағбанның жерді қаза-қаза алақаны ойылып, қаны шыққан. Бұл жолы еңбегі еш кетпей бұл көкеңнің тіккен лала, роза гүлдері айдың аяғында бұрала жетіліп, қаулап өсті. Д.Досж. ~ Теріні қағып-сілкіп көрген еді. Иленбеген шикі тері екен. Шөке қу құмақ үгітіп екі тасты бір-біріне ұрып, от шығармаққа көп әуре болды. Еңбегі еш кетпеді. Б.Жұм.