Posted in

ЕҢКЕЙГЕНДЕ ЕГІЗ ҰЛ ТАП, ТОҢҚАЙҒАНДА ТОҒЫЗ ҰЛ ТАП

Әйел баласына айтылатын бата, тілек. ~ Рысқұлбек келіншегінің тізесіне аяғын салып, қара терге түсіп, шайды ұрып отыр екен. Бұларды көріп, келіншегінің алдынан аяғын тартып ала қойды. Келіншегі ұялғансып бетін шымши орнынан атып тұрды да сосын бұларға иіліп сәлем салды. — Көп жаса, еңкейгенде егіз ұл тап, тоңқайғанда тоғыз ұл тап – деп Мәделі басын изеді. АҚ. “Арпалыспен…”