Posted in

ЕҢКЕЙГЕН КӘРІ, ЕҢБЕКТЕГЕН БАЛА (ЖАС, СӘБИ)

Елдің бәрі, жасы, кәрісі – түгел, бірі қалмай. ~ Ауылнай қайда? ―Егін басында, шырағым… Еңкейген кәрі, еңбектеген баладан өзгесі түгел Көлтабанда. Б.Тоғ. ~ Жас шопанның төтенше ауыр науқасқа душар болғанына еңкейген кәрі, еңбектеген балаға шейін қатты қайғырды. М.Әбд. ~ Мынау анық былшылдап жоқты айтқаны несі? – деді екінші біреу ашуланып, – Пәлен мың шақырым Кетрампорға барып патшаға арыз берем деп жүргенде, мына еңкейген кәрі мен еңбектеген жас қырылып қалмай ма? С.Мұқ. ~ Қазақ топырағында еңкейген кəріден еңбектеген сəбиге дейін Сəбеңді білмейтін тірі пенде жоқ. Қазақ жазушыларының ішінде туған халқымен Сəбиттей біте қайнасып, мидай араласып кеткен суреткер сирек. З.Қаб.