Posted in

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ

Бойы ұзын, алпамсадай. * Біздің Шыңғыс соның ұрпағы. Одан кейінгі аталары – он жетінші ғасырда қазақтар хан болған еңсегей бойлы Ер – Есімге одан, он сегізінші ғасырда қазақтың орта жүзіне хан болған Абылайға, одан, Абылайдың орнына хан болған Уәліге соғады. С.Мұқ. * Оған жалғас еңсегей бойлы еңкіштеу солдат тұр. Т.Ахт. * Шеттерінен екі қолдары тізесіне түскен еңсегей бойлы, ірі-ірі, аюдан аусайшы. М.Қаб. * … әңгімеге араласпай, сазарып отырған еңсегей бойлы, жар қабағының астындағы көлеңке ұялаған шүңеттің ішінде тұнып жатқан қатулы сеспен ызғарлана қарайтын қарасұр… Ғ.Біл.