Posted in

ЕҢСЕ КӨТЕРТПЕДІ

Бой жазғызбады, тұқырта берді. ~ Төменгі ауылдықтар бізді еңсеріп әкетті. Бірінші кезеңде-ақ 4 доп айырмасымен ұтылып тұрдық — 2:6. Ырысбек қақпашы болып жарытар емес, қанша тырысса да, Алмас бастаған қарсыластар еңсе көтертпеді. Е.Жең. ~ Үйді үй ғып отырған сол бір жапырақ кемпір екен. Бәрі қаңырап бос қалды. Шал қанша “берік болайын” десе де, тосын қаза еңсе көтертпей қойды. Содан талай күн үйінде бүк түсіп жатып алған. Қ.Най.