Біраз жұмыс атқарды, бітіріп қойды. ~ Жұмысты Сәмет өзі басқарып жүр. Елге саба-саба қымыз жинатып, ортадан күнде екі қой сойғызып, тамақты бір жерден бергізіп тұрмыз. Өңкей қарулы жігіттер мектепті бес күнде дендеп еңсеріп тастады. С.Ом. ~ Өз болашағына қалтқысыз сеніп, өмірді жанындай сүйген адам ғана таудай ауыртпалықты шопақ құрлы көрмей, еңсеріп тастап, өмірдің биік шыңына шыға алады. М.Әбд. ~ Дегенмен осы мардымсыз жүрістің өзімен– ақ біраз жолды еңсеріп тастаған– ды. О.Бөк.
