Posted in

ЕҢСЕҢДІ КӨТЕР

Егіліп, езіле берме, күш-қайратыңды жи. ~ Нарша. Қарагөз жазылмаса, маған да жазылу жоқ… «Қарагөзді төркініне жібер, төсек жаңғырт, еңсеңді көтер», — деді. Ол қолдан келмейтін болды. М.Әу. ~ Ертеңге деген сенім мен үміт, жаныңдағы жалын ғана алға жетелейді. Өздігінен ештеңе келмейді. Батыл бол, қамықпа. Ол үшін әрекет ет. Еңсеңді көтер. Ә.Ысқ. ~ Ұялшақ болма, қарағым, еңсеңді көтер! – дедім мақсатты сұқбат-кеңесімізді бастап жібергім келіп. Қыз жөппелдемеде шешіліп жауап қатпады. С.Ом.