Posted in

ЕҢСЕСІ КӨТЕРІЛДІ (БИІКТЕДІ)

Рухтанды, өзіне деген сенімі артты, көңіл-күйі жақсарды.
~ Күлжекейдің бетің бар, жүзің бар демей Аралбайға ауыз салған батыл қимылына Жәукенің айызы қанып, еңсесі көтеріліп қалды. С.Омар. ~ Осы шешімнен соң ол өзінше іштей азаттыққа жеткенін сезді. Соңғы кездері еңкейіңкіреп қалған еңсесі көтеріліп кетті. М.Кәрім. ~ Жарық дүниеде өмір сүріп, қаншама адамға жолығасың. Қаншама ізгілікті, қуанышты, жақсылықты көресің. Еңсең биіктейді, жаныңды нұрландырады. Өмірге, адамға ғашық бола түсесің. Ә.Ысқ.