Сырт пішіні айбынды, көңілі жайдары. ~ Кремльдің қақпаларының төбесіндегі, бұрыштарындағы еңсесі көтеріңкі, басы биік
мұнаралары, айналасын кең қоршаған қорғаны қазір бұрынғыдан да айбында, биіктене түскен сияқты… С.Мұқ. ~ Баршатас
қыстағының жоғарғы, шығыс бетінде тұрған, соғыс қарсаңында салынған мектеп үйі – бүткіл аудан орталығындағы ең
көрнекті құрылым болатын. Тіпті, қақ орталықтағы Райком, Атком кеңселерінен де артықша. Жатаған шатырлы, іргетасы биік,
еңсесі көтеріңкі. М.Мағ. ~ Не Сәулеге төнген бір қатер бар, ол не соны сезген, не өзіне бір дес тиген, әйтеуір оның еңсесі көтеріңкі,
сын көрмей тұрған кездегі әдетімен алшақтай басып, асқақ сөйлеп келеді. Ә.Әб. ~ Табиғат та өзгеше пейілде. Қытымыр
қыстың құрсауынан босанып ақ шекпенін сыпырған таулардың да еңсесі көтеріңкі. Ө.Кәр.
