Posted in

ЕҢСЕ КӨТЕРДІ

Қиындықты жеңіп, кеудесін көтерді. ~ Бірақ сол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы, жұрт еңсе көтеріп патшаның отаршылдық қанауына қарсы халықтың стихиялық толқуы, өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп, еркіндікке ұмтылып, адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-зомбылыққа қарсы тұруы — таң қалуға болатын дүние және біз Әуезовпен бірге сол он алтыншы жылғы оқиғаның даңқын мадақтаймыз һәм қайғырамыз. Ш.Айт. ~ Соғыстан кейін есін жиып, еңсе көтере бастаған ел құрылысты шұғыл қолға алып, бірінен бірі асырмақ боп бәсекелесіп салған шипірлі ақ үйлер көбейіп еді… Ә.Нұрп.