Posted in

ЖАБУДЫ ЖАБА ТОҚЫДЫ

Әлдебір кемістікті білдірмеуге тырысты. ~ …алып елді ақыры алып ұрар кезенге келіп тірелер күнге бірте-бірте жақындап келе жатқанын өтіріктің өрге басуына сол арқылы жабуды жаба тоқып, жақсы атануға мүдделі идеологтар ел басында отырғанын олар қайдан білсін?.. С.Баяз. ~ …олар енді ем қонбайтын есерлер емес қой, бірақ «жабуды жаба тоқыған» заманда, құдайын ұмытқан жұрттың шаруасы ырың-жырың болып, келеге келмегені бұларды біріктіріп, басын қосады, олар мұны бірден сезіп, айуанға тән сезімталдықпен шоғырлана қалады. В.Рас.