Posted in

ЖАБУЛЫ ҚАЗАН ЖАБУЫМЕН (ЖАБУЛЫ КҮЙІНДЕ) ҚАЛДЫ

Сыртқа сыр шашпады; болған жағдай туралы тіс жармады; істі әрі қазбаламады; сол күйінде қалды. ~ Анасы үрейленді, таңдайын қақты, күйіп пісті. Бірақ «тірі адамға ауыздан шығармайық, жабулы қазан жабуымен қалсын» деген ойға келіп тоқтады. Ж.Айм. ~ Дауласа берсе, өзінің күлкілі жағдайға қалуы мүмкін екенін сезген іші қу жігіт жабулы қазан жабулы күйінше тым-тырыс қоя салған. О.Сәрс. ~ Сәтсіз командировкаң жабулы күйімен қалсын. Ол ішкі шаруамыз. М.Қаб.