Posted in

ЖАДЫНА ТҮЙДІ (ТОҚЫДЫ)

Ұмытпайтындай болып еске сақтады. ~ Ертеден қара кешке дейін жүргенде сыр бермей жол үстіндегі өзінің ежелгі бір машықты дағдысына басып, жан–жағына сергек көз тастап, назарына ілінгеннің бәр–бәрін бақылап, бағып, біліп, жадына түйіп келеді. Ә.Нұрп. ~ Көмескі болса да, әлі есінде, мектепте оқып жүрген шағында тәмам баладан мұның алабөтен ерекшелігі – байқағыштығы еді. Әр нәрсені тез аңғарып, көрген сезгенін ұмытпай жадына түйетін. О.Бөк. ~ Тәжірибе дегеніңіз — бастан кешкенінің ғана жемісі емес, логиканың да жемісі екенін танытады. Немесе мал шаруашылығының осыншалық шытырман түйіндерін жадына қалайша түйген? Т.Әл. ~ Егер әке қолында ғана талай қулықты жадына тоқып, басқа таза дүниені көрмей жырынды боп өссе, салған жерден-ақ әке сөзін емеурінінен білер еді-ау. С.Жүн.