Posted in

ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

Сотталды, жазаланды. ~ Заңсыздық жасағандарың үшін жазаға тартылатындарыңды білесіңдер ме? С.См. ~ Мен сізбен төбелеспеймін, не істесем де заңмен істеймін. Сіз бұл қылығыңыз үшін заң бойынша жазаға тартыласыз … Ә.Әб. ~ Қазір бар билік жесір патшайым Цысидың қолында. Императорға бүйрегі бұрған, реформашылар мен ихэтуаншыларды жақтаған өкімдердің көбі жазаға тартылып жатыр. Қ.Жұм.