Айыбына орай жаза тартты. ~ Соқыр қари, Самұрат мәзін, Шәрібжан халфелер ғана емес, ол ишан, хазіреттің өзін де, Сармолланы ілтифатсыз шеткері қалдырғаны үшін, лайықты жазаға ұшыратты… М.Әу. ~ Оларға қарсы бұл да аянып қалмай талайларына тізесін батырған. Өзі де жазаға ұшырып, біраз уақытқа қамауға алынған. Т.Жұр. ~ Одан құтылғанына Құдайға қой айтып, оны кіналауды да ұмытқан Қадиша тосыннан айықпас зор жазаға ұшырады. С.Жүн. ~ Өз басын халық алдында да аршу керек, жұрт жаласынан да құтылу керек. Сол мақсатқа жету үшін енді қандай жазаға ұшыратса да, обалсыз екенін айта беретін болды. М.Әу.
