Posted in

ЖАЗЫРЫН ТАРТТЫ

Әлдебір жөнсіз ісінің қиянатын көрді, жазасын алды. ~ Отыз жыл бойы ақақу-секекумен
селкілдеп жүргенде, ерте ме, кеш пе, соның жазырын түбінде бір тартармын деп неге санаға
салмағансың, сен бейбақ? М.Байғ. ~ Бұрыннан бұл сұлуға Июхана уәзір, Көңілі ғашық
болып, тартқан жәзір. БС. («Әбуғалисина, Әбілхарис») ~ – Шіріген байлығына қарамастан,
сараңдығында есеп жоқ еді. Сол сараңдығының жазырын тартты ғой ақыры. Қасықтап
жинаған мал-мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті, – деді Есенәлі шытынап.
C.Олж.