Бір нәрсенің егжей-тегжейін әңгімеледі (сұрады, түсіндірдіт.т.) ~ Арызыңыз аяқсыз қалмас… Жұмысыңыздың жай-жапсарын тағы бірде өзіңіз келіп айтарсыз,— деді.— Екеуінің біріне болмаса біріне шамамыз келер… Ғ.Мүс. ~ Бұдан кейін жолым болмады. Шылғаубайдың үйіне кіріп ем, әйелі жай-жапсарын айтып, бір сағатқа жуық безілдеді. Т.Берд. ~ Менің ренішімнің жай-жапсарын білгеннен кейін, бригадир: — Ой, жолың болғыр, жігіт адам соны да сөз дей ме екен… — деп үгіттей бастады. Б.Соқп. ~ Бастық «бері кел» дегендей, алақаның жайып ұстата берді. Қазақша біледі екен. Жай-жапсарын, уезін, болысын сұрады. Ж.Айм. ~ Саяси кезеңіміздің жай-жапсарын ойласам, атам заманғы анекдоттар еске түседі. Анекдот дегеніміздің өзі өмір шындығынан туады емес пе? Г.Бельг. ~ Сөйтіп жүргенде Тұяқтан əдейілеп елші келді. Кəдімгідей адам сияқтанып амандасып, жөн-жапсарын, құда екендігін айтып отырды. Ж.Айм. ~ Қазыбектің бәйбішесі тамақтандырып, жөн – жапсарын сұрап, «Кіші жүз едік»,- деген соң: – «Биге жолығам»,- деп, отырған жеріне бармай-ақ қой, осында жат! Көп басы қосылған жер жынның ойнағындай болады. «Ішкен – мас, жеген – тоқ»,- деген сөз бар. «Кіші жүзбін!»- деген соң, бір ит қазақ бас салар,- депті. АӘ. ~ Мынау Катунь мұздығының жолын білмей, біздің жігіттерден жөн-жапсар сұрап жатты. Ә.Асқ.
