Жеңілдетіп айтты, жуып-шайды. * Үйдегі әйелдер мыналардың көзінше сыр бермеймін деген боп, анау-мынау жай айтып жатты. – Өзге бала сап-сау! Жалғыз осы бала бақырға бір жаман іш ауру тиіп, толас таппай қойғаны! – деп, бәйбіше жайма-шуақтаған болды. М.Әу. * Ғажап психолог. Ренжіп отырсың ба, не ойлап отырсың – сыр білдірмей жайма-шуақтандырып қалай бүркемелесең де сезіп қояды. Т.Сәу. * … кейде жымыңдап, кейде кіжініп отырып звондайды, бірде ашуға булыға бақырады, тепсіне қорқытады, бірде жайма-шуақтана жарамсақтанады, жалынады, алдайды, ақырында, қайсысымен болсын, қаншаны алу мен соншаны беруді келіседі. Ғ.Қаб. * … ал қыз-жігіттер, арыз айтқандай, жалаңаш-жалпы дірдектеп жүрсе, о да жеңіл шаруа, автодүкен сатушысын шыңғыртып ұстаймыз»,— деп жайма-шуақтап, жер түбіндегі Алматыдан самолет сабылтып, арнайы келген сапарын жеңіл шаруаға айналдыра салғаны. М.Қаб.
