Posted in

ЖАЙМА-ШУАҚ (ШУАҚ) МІНЕЗ

Ашық, жайдары, мейірлі мінез. ~ Отыз жыл отасқалы Рыскүлдің бойынан бүгінгідей жайма-шуақ мінез ұшқынын байқаса ұйқысыраған көзін бір ашып, бір жұмып есалаң адамша өстіп мәңгіріп жатар ма еді. Қ.Жиен. ~ Мақтанышы ұлтымның – Фаризасың, Жайма шуақ мінезің жазирасың. Өлең сөзден еш жерде жаңылмайсың, дүлдүлдей-ақ, Фариза, арындайсың. Т.Бег. ~ Мамандар аталған үрдісті биылғы бидай шығымдылығының төмендігі және бір апта бойы тұрған жауынмен түсіндіреді. Қазір ауа райы жайма шуақ мінез танытып күзгі жиын-терімге қолайлы болып тұр. БАҚ (“Қостанай таңы”)