Posted in

ЖАЙ ТАСЫНДАЙ

А) Зілдей, ап-ауыр. ~ Қорқыттың жүйрік жанын жай тасындай Жанышқан осы ойлар ед қорғасындай, Паршалап тілім- тілім, ерте өртеп, Кіршіксіз жас жүрегін көз жасындай. М.Жұм.
Ә) Күйі келген, сақадай сай. ~ Екісіне келгенде, Бесікте жатып ойнаған. Үш жасына келгенде, Жай тасындай жайнаған. Алты жасқа келгенде, «Жауды қашан берер» деп, Бармағын жатып шайнаған. “Қисса -и Қарабек”. ~ Сахнаға шықты алдымен. Жүзі нұрланып, Бір ширақ бала – жай тасындай-ақ қырланып. Қ.Жұмағ.