Posted in

ЖАЙ ТҮСІРДІ

Аяқ астынан ауыр жағдайға ұшыратты, естен тандырды. ~ Я, деген… Жайма-шуақ күнінде жай түсірді сұм дұшпан. Асыл боздақ, ардагерім, ұлдарым! Тілек батам сол болсын — жауыңның күні батсын да, еліңнің таңы қайта атсын! Ғ.Сл. ~ Замана мың құбылып сансыз саққа, Біріне жіп тағылмай тұрған шақта, «Сүйегін Жұматайдың алсын» деген Суық сөз жай түсірді шаңыраққа. Е.Нүс. ~ Көтеріліп алған бөтеге бұтақ құлақ аспады. Таңатқа бір, азагүлге екі шаншыла қарады да: — Бетім-ай! Заман тыныш, ел іргесі аманда төбеден жай түсірді ғой мына бала. Өлік арқалағандай тал түсте азагүл сүйрегені несі? М.Қаб.