Posted in

ЖАЛАМА ЖАРТАС

Теп-тегіс, жылмағай, аяқ таяр құз. ~ Сұңқарың ұшты ұядан, Жалама жартас қиядан. Жазмыштан адам артылмас, Жазуы болған сиядан. АӘ. ~ Әдейі жасағандай жүк түсірген үсті теп-тегіс ашық алаңқай. Қарсы бет – қарасаң бөркің түсетін жалама жартас. Т.Мәм. * Ал Карпат дегенің орманды тау. Оның екі биігі бар. Бірі – Полонино Ровно, ұшар басында ағаш аз, жайқалғаншөп өседі. Екіншісі, Полонино Острый деп аталады. Оның төбесі – жалама жартас. А.Жақ. * Жалама жартас, жарлы құзы жоқ тоқал төбелер құбыладан ескен қоңыр самалға жондарын төсеп, керіліп жатыр. К.Сег. ~ Жетім елікке су тимей қаптаған қақтан, Талтаңдап жанды жаншиды, жат табан батпан. Жалама жартас бәз дала, құлама құзды, Бауырдан саумал бұрқырап бұлақ ағызды. С.Нұр.