Posted in

ЖАЛАНЫП ТҰР

Әлдебір іске құшырлана тіленіп тұр. ~ Абайды сол сөзбен Желқұйынның жаланып тұрған түрі қатты қызықтырды. – Қоянға шығамысың? -деді. М.Әу. * Астында көлiгi жоқ кiсiге бiр көлiктен екiншiсiне аударылып барудың өзi күш. Оның үстiне бастығы да жаланып тұрған әйел. Ш.Құм. * Мектепте оқуға жасың асып кетті. Ал, өзіндей жігіттермен бірге оқысаң ұялатындай ештеңе жоқ. Жігіт деген атты әскердің қылышындай жаланып тұруға тиісті. Жасық болмау керек. Ә.Кек.