Нақақ күйді, жалған айыпқа тап болды. * Елемес айтушы еді: «Жалаға ұшырасаң ұшыра, бірақ мазаққа ұшырай көрме!»- деп. Ә.Кек. ~ Бірақ, мен былтырғы жағдайдан кейін бетім қайтып қалыпты… Тағы да жалаға ұшырап жүрмеймін бе? Б.Тоғ. * Е, сөге-жамандамаңдар, шырақтарым, – деді қария ақталғандай қысыла. – Апаларың баласы жалаға ұшырағаннан бері осындай боп қалды. Т.Сәук. ~ Енді бір жарты сағаттан кейін алуыңа болады. Мұнда бір есеп бар еді, бітіріп тастайын. Алыңдаршы өзін. Жақсылық етемін деп жүріп, жалаға қалармын. Бірақ, сарайымды шандатпай, казармаларына апарып… Ә.Сәр.
