Posted in

ЖАЛА ЖАПТЫ

Жалған айып тағып, нақақ күйдірді. * Ендеше, үйреткен Абай шығар? — Оған да жала жаптырмаймын. Істеген өзім! Сен немене өрекпіп, үрейің қашып келді? М.Әу. * Әй, Қасболат, байқап сөйле! . . – Күлжекейге оқшырая қарады. – Әй, Күлжекей, ушықтырма жанжалды… Жалаңды жаппа маған… ─ Мен саған жала жаптым ба? С.Ом. * … жиналыс бірауыздан: “Орманов Түнғатар мектеп өміріне жала жапты, мақаланы әдейі ұйымдастырды, ол өзі кертартпа, ол өзі алаяқ, ол өзі рушыл, ол өзі балалардың ата-анасынан сыйлық алады, пара алады! ” деген қаулы қабылданды. Ә.Тар.