Қаруын сермеп, жасқады. ~ Қолға тірідей түсірген оңды еді. Едіге лезде солай ойлаған да. Бірақ анау қанжарын жалаң еткізіп, енді сала бергенде, Едіге каскалы баспен тұмсығынан бір перді де екеуі де ұмар-жұмар құлады. Ш.Айт. ~ Қорыққаны — әкесін осы кісінің өлтіргенін естіген сәтте екі жігіттің үн-түнсіз, сұп-сұр қалпында кереге басында ілулі тұрған қылышқа тұра жармасып, қынынан жалаң еткізіп суырып алуы. А.Өт. ~ Атты шана үстінде түрегеп тұрып айдап келеді. Делбені қағып тастап, ысқырып қояды. Қолындағы ұзын бишікті үйіріп-үйіріп сермеп қап жалаң еткізді. С.Мұр.
