Posted in

ЖАЛАҢ КЕУДЕ

Қорғансыз, ашық-шашық. ~ Қашанда бірлікті берік тұтқан қазақ даласы бейберекет соғысты қаламаған. Бірақ тиген жауының азу тісін сындырып, қарқынын қайырып отырған. Сансыз қолды жалаң кеуде, ақ ниетімен санаулы санымен жеңе білген. БАҚ. * Жар толқынға көміліп жалаң кеуде Қалтылдайды жыр-желкен тағы әр жерде. Ф.Оңғ. * Қайтсін қарт раза болмай заманға, елге, Жан емес жетесіз ол жалаң кеуде. – «Болса екен, – дейді қария, – қадірменде Мәңгілік Жер – Адамға, Адам – Жерге». АҚ “Іңкәр дүние”.