Posted in

ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР

Фольклорлық ұнамсыз кейіпкер; сұрықсыз, тойымсыз жексұрын. ~ Қалидың Үрмиясы жалмауыз кемпір сияқты болып қартайды. А.Байт. ~ Өмір бойы жаны шошып қорқатын, “Содан сақта” деп тілейтін жалғыз қорқынышты дұспаны енді желмая мініп, Құламергенді қуған ертегінің жалмауыз кемпіріндей қадалып, түйіліп, бұның соңына түсті. М.Әу. ~ Сен бесеуің – жердің жыртығын жамайтындай, мен – білмейтін бәлесі, көрмейтін кереметі жоқ жалмауыз кемпірдей болып жүріп, бір қызға ие бола алмадық. С.Досж. ~ “Бәсе, — деп ойлады келіншек, — бұл кемпірді жұрт неге жек көреді десем… осындай арамдығын сезеді екен ғой. О қара албасты, о қара сайтан, о жалмауыз кемпір! О қара ниет қақбас! О көріңде өкіргір жексұрын! “. Ә.Тар.