Кез келгенге елп етіп, қызмет көрсетуге дайын малай, жағымпаз адам туралы. ~ Енді ол қатындікі өз бетіне. Жастығынан қорықтың ба, абыройымды ашар деп қаймықтың, ба, әйтеуір жалынышты, жалп етек болдың. Оның өзі бір төбе. Енді баласын да баламнан артық ұстағың келіп отыр ғой. Осының да білгендік пе? М.Әу. ~ Жап аузыңды, жалп етек, Жалынып өскен жаппар құл! Қоблаң тұрғанда, Айшағыр ма еді айдынды! М.Әу.
