Posted in

ЖАЛП ЕТКІЗДІ

Атып түсірді, алып ұрды. ~ Әбден жақындағанша былқ етпей шыдаңдар. Бастарың да қылт етпесін. Жійембет аға біреуін жалп еткізгеннен кейін ғана жаппай атыңдар. Біз мылтықпен тек төртінші қатарда келе жатқандарды көздейміз. Б.Нұрж. ~ Атылды қанжығада бір оқ қалмай. Бәрі де атып болды жырақ қалмай. Кейбірі көңілімен, көзіменен, Жамбыны жалп еткізіп құлатқандай. С.Тұр.
Лақтырып тастай салды. ~ Ол топ- томпақ бір папканы орнынан қозғап көтеріп, ашуын сонан алғандай жалп еткізіп қайта тастады. Қ.Түм. ~ Есік тықыр етіп, пошталион бала жаңа газетті жалп еткізіп тастап кетті – баяғы аудандық «Өскен өңір» мен облыстық «Ленин жолы». Қ.Түм.