Оқыс сөнді, жарқ етті де өшті; өмірі ерте үзілді. ~ Үмітің үзілді ғой қайран халқым, Жалп етіп сөнгеннен соң шамшырағың. Қазақ пен ноғай бағы едің, Ортада жанған шам едің. Сегіз Сері. ~ Алжыған шал күйзеліп үзілсе – табиғат заңы. Күнәсіз көбелек жалп етіп сөнсе, о да табиғат заңы. Т.Әл. ~ Осы кезде төбедегі қос люстраның шамы жалп етіп сөніп, қайта жанды. — Көтек… Мынау қайтеді- ай? М.Сүн. ~ Арада сүт пісірім уақыт өткенде машинаның жарығы өздігінен жалп етіп өшіп қалсын. Қ.Мүб. ~ Ағаш үйдің терезесінен жылтылдаған әлсіз сәуле әне, жалп етіп сөнді. О.Бөк. Ол үшін алдындағы жарық сәуле жалп етіп сөніп, бұл жалғанды қорғасындай ауыр қара тұман қаптады. Е.Әл.
